» Материалы за 15.05.2016

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп ережесі

Автор: admin от 15-05-2016, 06:48, посмотрело: 41837

318

Мектеп оқушыларының ережелері

Мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртібі

1.Жалпы ереже

1.1 Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани – адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.
1.2. Оқушылар:
· Оқушылар мектепте мектеп формасымен жүруге ;
· Үлкендерге құрметпен қарауға;
· Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;
· Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
· Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
· Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
· Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;
· Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;
· Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
· Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
· Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
· Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
· Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;
· Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектепті дамыту жоспары

Автор: admin от 15-05-2016, 06:46, посмотрело: 17030

394
«№29 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Мектепті дамыту жоспары

Тақырыбы:«Қалай қалыптастырушы бағалау арқылыоқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады?»

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Абиев Қайрат Хансұлтанұлы

 

2015-2015 оқу жылы

 

Мектепті дамыту жоспары

 

Тақырыбы:«Қалай қалыптастырушы бағалау арқылыоқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады?»

 

Мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды, кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруынаықпал ету.


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Біздің мекен-жайымыз

Автор: admin от 15-05-2016, 06:44, посмотрело: 36123

775

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,

Жылы су а/о, Сейфуллин ауылы

тел: 8(72534) 5-97-71, 5-97-60, 5-97-65

Категория: Мекен жайымыз

 

Мектеп

Автор: admin от 15-05-2016, 06:41, посмотрело: 23093

157

Категория: Галерея

 

Мектеп ұжымы

Автор: admin от 15-05-2016, 06:41, посмотрело: 525

15

Категория: Галерея

 

Ата-аналар құқығы мен міндеттері

Автор: admin от 15-05-2016, 06:39, посмотрело: 471

6

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

1

Мектепттің қоғамдықөміріне қатысуға

2

Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы

3

«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті

4

Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге

5

Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға

6

Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға

7

Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға

8

Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға

9

Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге

10

Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға

11

Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға

12

Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға

13

Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге

14

Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға

15

Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға

16

Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті

17

Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге

Категория: Ата-аналарға

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Автор: admin от 15-05-2016, 06:38, посмотрело: 445

8

 

Ата-аналарға кеңес

"Ағалағаннан аялаған артық”
Ал тіліңмен арқадан сипағанша, жылмаңдап еркелеп, сөзіңді өткізіп, керегіңді алуды көздегеннен, адамды, жасы үлкен ағаны ардақ тұтып, әспеттегенің – абзал. Сөзбен алдап, сырт айналу – адал азаматтың ісі емес. Жалпы рия, пайдакүнемдік араласқан жерде адалдық та күтпе, әділдік те күтпе. Бұл мақалдың идеясы да осы. Жанашырлық, қайырымды-лық, мейірбандылық қарымта тілейді.

Ұлттық педагогикадан:
- Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
- 6-7 жастан 13 жасқа дейін ақыл есейеді
- 14 жастан ақыл ересектеніп, 25 жасқа дейін ақыл қалыптасады

Қанатты сөздер:
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу түгелдей игі өнегеге саяды. Өзіңіз жақсылап өмір сүрсеңіз, тым құрыса жақсылап өмір сүруге талаптансаңыз, өмірді неғұрлым жақсырақ өткізсеңіз, соғұрлым балаларыңызды жақсы тәрбиелейсіз

Лев Толстой

Ер екеніңді ел қапысыз таниды, ез екеніңді де көзі шалмай қалмайды. Ез болсаң, көзге шыққан сүйелсің. "Жақсы жаман, жасықтан пасық жаман”. Болжыр - болбырлар көпке қырсығын тигізеді, ал еліне жамандық тілейтін арам ниет пасықтар бүкіл қауымға іріткі салады. "Батырды батыр дейді күшін көрген, ұстаны ұста дейді ісін көрген”. Қарапайым айтылса да қалай дәл нұсқайды? Өйткені халық көреген. Халық қазы, халық кемеңгер, халық әділ. Халық сыйлай да біледі, сынай да біледі...

Ұлттық педагогикадан:
- Он бес жастан құрбыдай сыйлас
- 14 жастан ақыл ересектеніп,25 жасқа дейін ақыл қалыптасады
- 25 жастан 37 жас аралығында ақыл толысады

Қанатты сөздер:
«Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мен» менен «менікінің» мағынасы екі.
«Мен» өлмеске тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі»

Абай

 

 

«Адамның адамшылығы - ақыл, білім, жақсы ата-анадан, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады»

АБАЙ

* Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла (Ой-санасын ояту).

* Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (Айтқанды екі етпейтін естілікке баулып, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» дағдыландыру).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп, оқушы, ата - ана: ынтымақтастық қырлары

Автор: admin от 15-05-2016, 06:38, посмотрело: 7649

281

Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмысбасты болуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды.

 

Категория: Ата-аналарға

 

Ата –аналарға арналған кеңес

Автор: admin от 15-05-2016, 06:37, посмотрело: 383

7

Егер баланы:

* Көп сынасаңыз - кінәлауды үйренеді;

* Өшпенділікті көп көрсетсе - төбелесуді үйренеді;

* Көп келемеждесе – ұялшақ, жасқаншақ болуды үйренеді;

* Көп масқараласа – өзін кінәлі сезінуді үйренеді;

* Көбіне көңілін көтеріп, сергітсе – өзіне деген сенімділікке үйренеді;

* Көбіне мақтаса - бағалауды үйренеді;

* Шыншыл болсаңыз – әділдікке үйренеді;

* Қауіпсіздік сезімімен өмір сүрсе – сенуді үйренеді;

* Достық пен келісімнің ортасында өмір сүріп және өзінің қажет екендігін сезінсе – ол мына әлемнен махаббат пен сүйіспеншілікті табуды үйренеді.

Категория: Ата-аналарға

 

ҰБТ-ға дайындалуға кеңес

Автор: admin от 15-05-2016, 06:36, посмотрело: 420

7

Дайындық:

Ең алдымен оқуға жақсы да ыңғайлы орын дайындаңыз: үстел үстіндегі артық заттарды алып тастаңыз, керек кітаптарды, дәптерлер мен қарындаш-қаламды ыңғайлап қой. Дайындалып жатқан жеріңде сары және сия көк түстері бар заттарды қой, олар интеллектуалды белсенділікті жоғарлатады. Бұған осындай түстері бар суретті де жатқызуға болады.

Оқудың жоспарын құр. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта: сен «жапалақсың» ба әлде «бозторғайсың» ба? Осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақытыңды максималды түрде пайдалы қолданыңыз. Дайындықтың әрбір күніне жоспар құрып, дәл бүгінгі күнге нені оқитыныңызды анықтап алыңыз. Жалпы емес, әрбір тақырыптар мен бөлімдерді қарастырыңыз.

Өзіңіз білмейтін ең қиын тараудан бастаңыз. Егер ол қиындық тудырса, өзіңізге ең тартымды да ұнамды материалдан бастаңыз. Осылай, біртіндеп, жұмыс ритміне кіріп, ісіңіз өрге жүзер. Оқу мен демалысты алмастырып отыр, 40 минут оқысаңыз, кейін 10 минут демалыңыз. Бұл уақытта ыдыс жуып, үй шаруасына араласып, бойды сергіту үшін жаттығулар жасауға болады. Барлық оқулықты оқып, есте сақтауға ұмтылмау керек. Материалды жоспарлап, қағазға сызба жасаған жөн. Жоспарларды материалды қайталап шыққанда қолдануда жеңіл.

Пән бойынша кітапшалардағы, әртүрлі баспа бетіндегі тестерді көбірек орында. Бұл тест тапсырмаларының құрылымымен танысуға жол ашады. Қолыңызға секундомер алып, жаттық. Тестерді орындау уақытын белгілеп отыр. Емтиханға дайындалғанда тапсырманы орындай алмаймын деген ойдан арыл, керісінше, ойша жеңіске жету суретін көз алдыңа елестет. Емтихан алдында бір күнді жауаптар жоспарларын тағы қайталап шығуға, ең қиын сұрақтарға тоқталуға қалдыр.

Тестілеу қарсаңында

Көпшіліктің ойы бойынша емтиханға толығымен дайындалу үшін емтихан алдындағы бір түн жеткіліксіз. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың. Және өзіңді қажытуға болмайды. Кеісінше, кешке қарай дайындықты қойып, суға түсіп, серуендеп кел. Дұрыстап тынығып, жақсылап ұйықта. Сонда сен демалып, дені сау, күшті, «батыл» мінезде боласың. Себебі сынақ — бұл өзінше бір күрес, онда өзіңді, бойыңдағыкүшің мен мүмкіндіктеріңді және қабілеттеріңді көрсете білу қажет.

Тестілеуге кеш қалмай, тестілеуге дейін жарты сағат бұрын келгенің жақсы болады.

Тестілеу кезінде

Тестілеудің басында сендерге керек мәлімет айтылады (бланкті қалай толтыру керек, қандай әріптермен жазу керек, мектеп нөмірін қалай кодтау керек және т.б). Зейінді, мұқият бол!!! Сенің жауаптарыңның дұрыс болуы барлық ережелерді зейін қойып, есте сақтауыңа байланысты. Жауаптар бланкісін (тіркеу облысы, жауаптардың өзі және т.б.) тек баспа әріптерімен толтырасың! Кейбір әріптердің, мысалы «а» әріпінің қалай жазылатындығына назар аудар. Мәліметтің жартысы кодталған формада жазылады, ол туралы тестілеудің басында айтылады.

Бланкілерді толтыру үрдісінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін, ол туралы саған міндетті түрде хабарлайды.Тестілеудің нәтижесін алғанда сен тексерілген жұмыспен танысуға құқылысың және егер сен бағамен келіспесең, оны конфликтілі комиссияға (нәтижені айтқаннан кейінгі 3 күн ішінде) апелляцияға бере аласың.

Тестілеуді орындауда сәттірек әрекет ету үшін бірнеше әмбебап кеңестер

Бар зейініңді шоғырландыр! Тестілеудің алғашқы бөлімін (бланкіні толтыру) орындап болғаннан кейін, өзіңе түсініксіз сәттердің бәрін айқындағаннан соң, бар зейініңді жұмысқа шоғырландырып, айналадағыларды ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана тапсырма мәтіні мен тесті орындау уақыты маңыздыболуы керек.

Асықпай асық! Қатаң шектелген уақыт сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі керек. Жауапты жазбас бұрынсұрақты екі рет оқып, сенен нені қажет ететінін дұрыс түсінгеніңе сенімді бол.

Оңайынан, жеңілінен баста! Сен күмәнданбайтын тапсырмалары бар сұрақтарға жауап беруден баста,көп ойлануды қажет ететіндерге кідірме. Осындайда сен тынышталып, басың анық және нақтырақ жұмыс істей бастап, жұмыс ритміне кіресің. Осылай сен мазаланудан арылып, кейін бар энергияң қиынырақ сұрақтарға жұмсалады.

Қалдырып кет! Қиын және түсініксіз тапсырмаларды қалдырып кетуге үйрену керек. Есіңде болсын: мәтінде міндетті түрде сенің қолыңнан келетін сұрақтар әрқашан табылады. Қиындық тудыратын сұрақтарды көп жұмыс істеп, «өзіңнің» тапсырмаларыңа жете алмай, ұпай жинай алмағаның ақымақтық болушы еді.

Тапсырманы соңына дейін оқы! Асыққандығың тапсырма талабын «бірінші сөзінен» ұғуға тырысып, оның соңын өз қиялыңмен құруға әкелмеуі керек. Бұл ең жеңіл сұрақтарда қате жіберудің ақиқатты жолы.

Тек істеп жатқан тапсырмаңды ойла! Сен жаңа тапсырманы көргенде оның алдындағылардың бәрін ұмыт. Тестердегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан біреуінде қолданған білімің жаңа тапсырманы дұрыс шешуде көмектеспей, керісінше зейініңді шоғырлантуда бөгет болады. Бұл кеңес саған басқа құнды психологиялық эффектіні түсінуге де мүкіндік береді— бұрынғы өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әрбір жаңа тапсырма ұпай жинаудағы мүмкіндік екенін ойла.

Алып таста! Көп тапсырмаларды анық сәйкес емес жауап нұсқаларын біртіндеп алып тастап отырғанда тез шешуге болады.Алып тастап отыру әдісі бес-жеті жауаптың барлығына емес, бар жоғы бір-екі нұсқаға зейініңді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Екі рет қарап шығуды жоспарла! Уақытыңның үштен екі бөлігін жеңіл тапсырмаларды тағы бір рет қарап өтуге жұмса (бірінші рет). Бұл жағдайда сен жеңіл тапсырмалардан максимум ұпай жинай аласың. Ал кейін сен қалдырып кеткен қиын тапсырмаларға оралып, оларды шешуде салмақтылықпен ой жүгіртесің (екінші рет).

Тексер! Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, тым болмаса, айқын көрініп тұрған қателерді байқап қалу үшін жауаптарға қарап, бір рет көз жүгіртіп шық.

Тауып ал! Егер сен жауапты таңдауда сенімсіз болсаң, бірақ интуицияң басқаларға қарағанда бір жауапты қалап тұрса, оған сенуіңе болады! Мұнда, сенің көзқарасың бойынша, ең көп мүмкін нұсқаны таңда.

Ренжіме! Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ есіңде болсын: барлығын практика жүзінде орындау мүмкін емес. Тестік тапсырмалар қиындықтың ең максималды деңгейіне есептелгендігін ойдан шығарма және сен шешкен тапсырмалар саны жақсы бағаға тұрарлық шығар.


Категория: Оқушыларға

 
Назад Вперед