» Материалы за Май 2016 года » Страница 2

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ата-аналар құқығы мен міндеттері

Автор: admin от 15-05-2016, 06:39, посмотрело: 691

6

Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері

1

Мектепттің қоғамдықөміріне қатысуға

2

Ата-аналар комитетінің мүшесі болуға құқылы

3

«Білім туралы» Заңда, отбасы кодексінде, мектеп Жарғысында сонымен қатар, басқа да нормативті – құқықты актілерде көрсетілген ата-аналар міндеттерін орындауға міндетті

4

Ата-аналар комитетінің іс-шараларына қатысып, мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжыммен бірігіп жұмыс жүргізуге

5

Баласының сабаққа кешікпеуін, сабақтан себепсіз қалмауын қадағалауға

6

Мектеп жарғысына сәйкес оқушының мектеп формасын сақтауын қадағалауға

7

Баланың сабақтан тыс ісшараларға үйірме және секцияларға, мектепішілік олимпиадаларға, жарыстарға қатысуын бақылауға алуға

8

Оқушының оқулықты ұқыпты ұстауын қадағалауға

9

Егер бала мектеп мүлкін бүлдірсе (оқу-зертханалық және басқа жабдықты бүлдірсе, оқулығын жоғалтса және т.б.) көрсетілген шығынды белгіленген тәртіпке сәйкес қалпына келтіруге

10

Баланы сабақтан бос уақытында және демалыс кездерінде қараусыз жіберіп,тәртіпсіздік жасауына жол бермеуге, баланың уақытын үнемді, мақсатты пайдалануын ұйымдастыруға

11

Баланың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүруіне, денсаулыққа байланысты зиянды заттарды пайдаланбауын қадағалауға

12

Ата-аналарға арналған іс-шараларға, ата-аналар жиналысына белсене қатысуға

13

Балаға қоғамдық жерлерде жүру тәртібін үйретуге

14

Балаға сағат 21.30 дан бастап, далада жүруіне тыйым салуға

15

Баланың салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруіне жағдай жасауға

16

Баланы кез-келген діни, басқа да жағымсыз әсер ететін ұйымдардан қорғауға міндетті

17

Балаға патриоттық, рухани адамгершіліктік тәрбие беруге

Категория: Ата-аналарға

 

ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Автор: admin от 15-05-2016, 06:38, посмотрело: 641

8

 

Ата-аналарға кеңес

"Ағалағаннан аялаған артық”
Ал тіліңмен арқадан сипағанша, жылмаңдап еркелеп, сөзіңді өткізіп, керегіңді алуды көздегеннен, адамды, жасы үлкен ағаны ардақ тұтып, әспеттегенің – абзал. Сөзбен алдап, сырт айналу – адал азаматтың ісі емес. Жалпы рия, пайдакүнемдік араласқан жерде адалдық та күтпе, әділдік те күтпе. Бұл мақалдың идеясы да осы. Жанашырлық, қайырымды-лық, мейірбандылық қарымта тілейді.

Ұлттық педагогикадан:
- Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
- 6-7 жастан 13 жасқа дейін ақыл есейеді
- 14 жастан ақыл ересектеніп, 25 жасқа дейін ақыл қалыптасады

Қанатты сөздер:
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу түгелдей игі өнегеге саяды. Өзіңіз жақсылап өмір сүрсеңіз, тым құрыса жақсылап өмір сүруге талаптансаңыз, өмірді неғұрлым жақсырақ өткізсеңіз, соғұрлым балаларыңызды жақсы тәрбиелейсіз

Лев Толстой

Ер екеніңді ел қапысыз таниды, ез екеніңді де көзі шалмай қалмайды. Ез болсаң, көзге шыққан сүйелсің. "Жақсы жаман, жасықтан пасық жаман”. Болжыр - болбырлар көпке қырсығын тигізеді, ал еліне жамандық тілейтін арам ниет пасықтар бүкіл қауымға іріткі салады. "Батырды батыр дейді күшін көрген, ұстаны ұста дейді ісін көрген”. Қарапайым айтылса да қалай дәл нұсқайды? Өйткені халық көреген. Халық қазы, халық кемеңгер, халық әділ. Халық сыйлай да біледі, сынай да біледі...

Ұлттық педагогикадан:
- Он бес жастан құрбыдай сыйлас
- 14 жастан ақыл ересектеніп,25 жасқа дейін ақыл қалыптасады
- 25 жастан 37 жас аралығында ақыл толысады

Қанатты сөздер:
«Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мен» менен «менікінің» мағынасы екі.
«Мен» өлмеске тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі»

Абай

 

 

«Адамның адамшылығы - ақыл, білім, жақсы ата-анадан, жақсы ұстаз, жақсы құрбыдан болады»

АБАЙ

* Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла (Ой-санасын ояту).

* Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (Айтқанды екі етпейтін естілікке баулып, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» дағдыландыру).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Категория: Ата-аналарға

 

Мектеп, оқушы, ата - ана: ынтымақтастық қырлары

Автор: admin от 15-05-2016, 06:38, посмотрело: 8129

281

Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес. Көп жағдайда бұл мәселе ата - аналардың жұмысбасты болуына байланысты уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі. Дегенмен, оның себептерін тек ата - аналар ортасынан іздеу дұрыс емес. Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені, мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс - қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс - әрекеттің мақсаты мен міндеттерін мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде анықтаса, ал ата - аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже төмен болады. Мектеп ата - аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата - аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс - әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды.

 

Категория: Ата-аналарға

 

Ата –аналарға арналған кеңес

Автор: admin от 15-05-2016, 06:37, посмотрело: 491

7

Егер баланы:

* Көп сынасаңыз - кінәлауды үйренеді;

* Өшпенділікті көп көрсетсе - төбелесуді үйренеді;

* Көп келемеждесе – ұялшақ, жасқаншақ болуды үйренеді;

* Көп масқараласа – өзін кінәлі сезінуді үйренеді;

* Көбіне көңілін көтеріп, сергітсе – өзіне деген сенімділікке үйренеді;

* Көбіне мақтаса - бағалауды үйренеді;

* Шыншыл болсаңыз – әділдікке үйренеді;

* Қауіпсіздік сезімімен өмір сүрсе – сенуді үйренеді;

* Достық пен келісімнің ортасында өмір сүріп және өзінің қажет екендігін сезінсе – ол мына әлемнен махаббат пен сүйіспеншілікті табуды үйренеді.

Категория: Ата-аналарға

 

ҰБТ-ға дайындалуға кеңес

Автор: admin от 15-05-2016, 06:36, посмотрело: 520

7

Дайындық:

Ең алдымен оқуға жақсы да ыңғайлы орын дайындаңыз: үстел үстіндегі артық заттарды алып тастаңыз, керек кітаптарды, дәптерлер мен қарындаш-қаламды ыңғайлап қой. Дайындалып жатқан жеріңде сары және сия көк түстері бар заттарды қой, олар интеллектуалды белсенділікті жоғарлатады. Бұған осындай түстері бар суретті де жатқызуға болады.

Оқудың жоспарын құр. Ең алдымен өзіңнің кім екеніңді анықта: сен «жапалақсың» ба әлде «бозторғайсың» ба? Осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі уақытыңды максималды түрде пайдалы қолданыңыз. Дайындықтың әрбір күніне жоспар құрып, дәл бүгінгі күнге нені оқитыныңызды анықтап алыңыз. Жалпы емес, әрбір тақырыптар мен бөлімдерді қарастырыңыз.

Өзіңіз білмейтін ең қиын тараудан бастаңыз. Егер ол қиындық тудырса, өзіңізге ең тартымды да ұнамды материалдан бастаңыз. Осылай, біртіндеп, жұмыс ритміне кіріп, ісіңіз өрге жүзер. Оқу мен демалысты алмастырып отыр, 40 минут оқысаңыз, кейін 10 минут демалыңыз. Бұл уақытта ыдыс жуып, үй шаруасына араласып, бойды сергіту үшін жаттығулар жасауға болады. Барлық оқулықты оқып, есте сақтауға ұмтылмау керек. Материалды жоспарлап, қағазға сызба жасаған жөн. Жоспарларды материалды қайталап шыққанда қолдануда жеңіл.

Пән бойынша кітапшалардағы, әртүрлі баспа бетіндегі тестерді көбірек орында. Бұл тест тапсырмаларының құрылымымен танысуға жол ашады. Қолыңызға секундомер алып, жаттық. Тестерді орындау уақытын белгілеп отыр. Емтиханға дайындалғанда тапсырманы орындай алмаймын деген ойдан арыл, керісінше, ойша жеңіске жету суретін көз алдыңа елестет. Емтихан алдында бір күнді жауаптар жоспарларын тағы қайталап шығуға, ең қиын сұрақтарға тоқталуға қалдыр.

Тестілеу қарсаңында

Көпшіліктің ойы бойынша емтиханға толығымен дайындалу үшін емтихан алдындағы бір түн жеткіліксіз. Бұл дұрыс емес. Сен шаршадың. Және өзіңді қажытуға болмайды. Кеісінше, кешке қарай дайындықты қойып, суға түсіп, серуендеп кел. Дұрыстап тынығып, жақсылап ұйықта. Сонда сен демалып, дені сау, күшті, «батыл» мінезде боласың. Себебі сынақ — бұл өзінше бір күрес, онда өзіңді, бойыңдағыкүшің мен мүмкіндіктеріңді және қабілеттеріңді көрсете білу қажет.

Тестілеуге кеш қалмай, тестілеуге дейін жарты сағат бұрын келгенің жақсы болады.

Тестілеу кезінде

Тестілеудің басында сендерге керек мәлімет айтылады (бланкті қалай толтыру керек, қандай әріптермен жазу керек, мектеп нөмірін қалай кодтау керек және т.б). Зейінді, мұқият бол!!! Сенің жауаптарыңның дұрыс болуы барлық ережелерді зейін қойып, есте сақтауыңа байланысты. Жауаптар бланкісін (тіркеу облысы, жауаптардың өзі және т.б.) тек баспа әріптерімен толтырасың! Кейбір әріптердің, мысалы «а» әріпінің қалай жазылатындығына назар аудар. Мәліметтің жартысы кодталған формада жазылады, ол туралы тестілеудің басында айтылады.

Бланкілерді толтыру үрдісінде кейбір өзгерістер болуы мүмкін, ол туралы саған міндетті түрде хабарлайды.Тестілеудің нәтижесін алғанда сен тексерілген жұмыспен танысуға құқылысың және егер сен бағамен келіспесең, оны конфликтілі комиссияға (нәтижені айтқаннан кейінгі 3 күн ішінде) апелляцияға бере аласың.

Тестілеуді орындауда сәттірек әрекет ету үшін бірнеше әмбебап кеңестер

Бар зейініңді шоғырландыр! Тестілеудің алғашқы бөлімін (бланкіні толтыру) орындап болғаннан кейін, өзіңе түсініксіз сәттердің бәрін айқындағаннан соң, бар зейініңді жұмысқа шоғырландырып, айналадағыларды ұмытуға тырыс. Сен үшін тек қана тапсырма мәтіні мен тесті орындау уақыты маңыздыболуы керек.

Асықпай асық! Қатаң шектелген уақыт сенің жауаптарыңның сапасына әсер етпеуі керек. Жауапты жазбас бұрынсұрақты екі рет оқып, сенен нені қажет ететінін дұрыс түсінгеніңе сенімді бол.

Оңайынан, жеңілінен баста! Сен күмәнданбайтын тапсырмалары бар сұрақтарға жауап беруден баста,көп ойлануды қажет ететіндерге кідірме. Осындайда сен тынышталып, басың анық және нақтырақ жұмыс істей бастап, жұмыс ритміне кіресің. Осылай сен мазаланудан арылып, кейін бар энергияң қиынырақ сұрақтарға жұмсалады.

Қалдырып кет! Қиын және түсініксіз тапсырмаларды қалдырып кетуге үйрену керек. Есіңде болсын: мәтінде міндетті түрде сенің қолыңнан келетін сұрақтар әрқашан табылады. Қиындық тудыратын сұрақтарды көп жұмыс істеп, «өзіңнің» тапсырмаларыңа жете алмай, ұпай жинай алмағаның ақымақтық болушы еді.

Тапсырманы соңына дейін оқы! Асыққандығың тапсырма талабын «бірінші сөзінен» ұғуға тырысып, оның соңын өз қиялыңмен құруға әкелмеуі керек. Бұл ең жеңіл сұрақтарда қате жіберудің ақиқатты жолы.

Тек істеп жатқан тапсырмаңды ойла! Сен жаңа тапсырманы көргенде оның алдындағылардың бәрін ұмыт. Тестердегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан біреуінде қолданған білімің жаңа тапсырманы дұрыс шешуде көмектеспей, керісінше зейініңді шоғырлантуда бөгет болады. Бұл кеңес саған басқа құнды психологиялық эффектіні түсінуге де мүкіндік береді— бұрынғы өткен тапсырмадағы сәтсіздікті ұмыт. Әрбір жаңа тапсырма ұпай жинаудағы мүмкіндік екенін ойла.

Алып таста! Көп тапсырмаларды анық сәйкес емес жауап нұсқаларын біртіндеп алып тастап отырғанда тез шешуге болады.Алып тастап отыру әдісі бес-жеті жауаптың барлығына емес, бар жоғы бір-екі нұсқаға зейініңді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Екі рет қарап шығуды жоспарла! Уақытыңның үштен екі бөлігін жеңіл тапсырмаларды тағы бір рет қарап өтуге жұмса (бірінші рет). Бұл жағдайда сен жеңіл тапсырмалардан максимум ұпай жинай аласың. Ал кейін сен қалдырып кеткен қиын тапсырмаларға оралып, оларды шешуде салмақтылықпен ой жүгіртесің (екінші рет).

Тексер! Өз жұмысыңды тексеруге уақыт қалдыр, тым болмаса, айқын көрініп тұрған қателерді байқап қалу үшін жауаптарға қарап, бір рет көз жүгіртіп шық.

Тауып ал! Егер сен жауапты таңдауда сенімсіз болсаң, бірақ интуицияң басқаларға қарағанда бір жауапты қалап тұрса, оған сенуіңе болады! Мұнда, сенің көзқарасың бойынша, ең көп мүмкін нұсқаны таңда.

Ренжіме! Барлық тапсырмаларды орындауға тырыс, бірақ есіңде болсын: барлығын практика жүзінде орындау мүмкін емес. Тестік тапсырмалар қиындықтың ең максималды деңгейіне есептелгендігін ойдан шығарма және сен шешкен тапсырмалар саны жақсы бағаға тұрарлық шығар.


Категория: Оқушыларға

 

Оқушыларға кеңес

Автор: admin от 15-05-2016, 06:34, посмотрело: 12925

25

Жоғарғы сынып оқушыларына арналған психологиялық кеңес:

1.Стресс дегеніміз не?
Алғаш рет стрессті ғылыми тұрғыда Канадалық ғалым Ганс Селье сипаттаған.Бұл сөздің ағылшын тілінен аудармасы «Кернеу,қысым» дегенді білдіреді.Ол тәннің қоршаған орта тарапынан жасалған оқыс әсерге жауабын анықтатады.Яғни стресс тосын жағдайда қанға қажетті гармондардың жедел іске қосу,басқа да көптеген физиологиялық процестерді қайта құру арқылы тәнге сыртқы әсерге тойтарыс беруі үшін өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалануы.
Ғалымның айтуынша,стресстің негізінен алғанда мынадай үштік белгісі бар:
1. (Бастапқы кезең), «Үрей сатысы» бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы,бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс.Бұл кезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады,егер осы кезде үрейге төтеп бере алмасаңыз өліп кетуіңіз мүмкін.Мұндай жағдайда шығыстың ұлы ғұламасы Әбу Әли Ибн Сина тарапынанда баяндалады. Ол мынандай қызық жайтты сипаттайды.Екі қойдың қасына торға салынған қасқыр қойылады.Сонда жыртқыштың тура қақ маңдайына байланған қой қорқыныштан (стресс) көп ұзамай өліп кетеді.

2. Стресстітің жүзеге асуы.
Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажетті арнағабағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі. Сол арқылы алғашқы қорқыныш сезімін жеңесің. Ал егер қысым ұзақ уақыт бой бермесе, тән мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді.Организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады.Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады. Ал қысқа мерзімді стресстер тәннің белсенділігін арттырып ширатады. Мысалы,спортшы жарысқа қатысу,артист сахнаға шығу кезінде толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.
3. Постресс – діңкенің құру кезі.Ұзақ уақытқа созылып,жүйкеге үздіксіз қысым жасалуы әбден діңкелетіп денсаулықты бұзады.Стресстен тек жүрек талмасы,қан қысымы,невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес асқазанның ойық жарасы туындайды.

Естеріңізде болсын !
Егер сіз жоқ дегенде он минут күлсеңіз ағылшын психологтарының айтуы бойынша,сіздің ұйқыңыз тынышталып,санаңыз серігіп,жігеріңіз артады.
Егер өлең айтқанды ұнататын болсаңыз және де өлеңді күнде айтсаңыз онда өміріңіз әлдеқайда ұзарады. Зерттеулер көрсетіліп отырғандай ән салу тек қана кеуде бұлшық еттерін ғана дамытып қоймайды,сонымен қатар жүрек бұлшық еттерін де нығайтады.
Егер сіз сөйлемдермен сөйлеуді ұнатсаңыз және әрбір айтқан сөйлем сипаттамаларыңыз алты секундтан артық болатын болса, онда тыңдармандарыңыз нашар түсінеді. Неміс психологтарының айтуынша мұғалімдер секундтына екі сөзден артық сөз айтпауы керек. Яғни неғұрлым сөйлем қысқа болса,соғұрлым ол балаға түсінікті болады.

Өмірге қуанышпен қараңыз !!!
1. Оптимист болуға тырысыңыз.
Табысқа жетумен әріптсетеріңізбен жақсы қарым қатынастың ең дұрыс жолы, орнықты көңіл – күй мен кез келген мәселеде оңды шешім ұстану. Оңды эмоциялар – жұқпалы келеді. Көңіл – күйіңіз үнемі көтеріңкі болса, достарыңыз да, жанұяңыз да, оқушыларыңыз да өмірег қуанышпен қарауға берген мүмкіндігіңіз үшін сізге ризашылық сезімге бөлейтіні анық.
2. Қорқыныш сезімін жеңуге тырысыңыз.
Көңілде ұдайы қорқыныш сезімінің (фобиялар) болуы (ол тіпті абстрактілі қорқыныш болсын) – адамның жеке тұлғасын жоятын психологиялық инвлидацияның бірі формасы. Оған өз бетіңізше қол жеткізе алмасаңыз психолог пен психотерапевттің көмегін пайдаланыңыз.
3. Өзіңізбен өзіңіз жеке болуға уақыт табыңыз.
Кез – келген адамға жалғыз өзі қалып, өмір туралы, өзі туралы, пайда болған мәселелерді шешудің жолдары туралы ойлануға, серігуге, демалуға жеке уақыт керек – ақ. Бұл әсіресе мінез құлқы интровертке жататын адамдарға айырықша керек.
4. Айналадығыларыңыздың сізден тым көп нәрсе талап етуін болдырмаңыз. Қолыңыңыз тиіп, мүмкіндігіңіз болған кезде өзгелерге көмектесу бір бөлек те,адамды ұдайы басқа жұмыстарға «жегіп қойю» мүлдем бөлек нәрсе. Мұндай жағдай қайтала берсе,адамда біреудің өтінішін орындай алмағандықтан, өзін ұдайы кінәлі санау сезімі пайда болады.Кейде аздап эгоист болған пайдалы.
5. Өзіңізге ұнамайтын нәрсені ұнайтындай кейіп танытпаңыз.
Өзіңіздің сезіміңізді зорықтыру өте үлкен өмірлік энергияны қажет етеді.Көңіл күйіңіз бұзылады. Жеке тұлғалық қасиеттеріңізге нұқсан келтіреді. Батылдау болыңыз.
6. Өз баларыңызға артық қысым жасамаңыз. Жұмыста педегогикалық
профессионализм таныта отырып,көптеген ұстаздар оны үйде де жалғастырып отырғанын бақамай қалады. Нәтижесінде балаларға артық талаптар қойылады. Сондықтан өз балаларыңызға өзімен өзі болуға, өзін-өзі танытуға мүмкіндік беріңіз. Олар тек сіздің талаптарыңыздың мүддесінен шығуға талпынбайтын болсын. Олар өздері қалаған нәрсемен айналысқанда ғана өзіне деген сенімі артады.
7. «Бұл менің қолымнан келмейді» деген сөзді сирек айтуға тырсыңыз. Егер өзгелер сіздің мүмкіндіктеріңзге сеніп тұрса, өз күшіңізді неге сынап көрмеске? Сізге жаңа нәрсені бастауға өтініш түскен жағдайда, мұндай ұсыныстарды жіберіп алуға тырыспаңыз.
8. Көпшілік алдында сөйлеуге тартынбаңыз.Үлкен аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік туған жағдайда, одан бас тартудың қажеті жоқ. Көпшіліктің алдында сөйлеу өз ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізе білу, үйретумен бірге табысқа жету үшін керекті қасиет,оқушылардың алдында стериотивті сөйлеуден де арылтады.
9. Дене сымбатыңызға көңіл бөліңіз. Дененің сымбатты болуы адамның психологиялық жағдайына әсер етумен қатар,оқушыларға үлгі бола алады.

ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез-құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез-құлқың.
Емтиханға тиімді дайындалу тәсілдері туралы ұсыныстар
Психология тұрғысынан қалай дайындалу керек
Аса ауыр кездерде басыңды жоғалтып алмас үшін, аса жоғары мақсатқа қол жеткізу үшін өзіңнің алдыңа аса жоғары міндет қойма. Жағдайдың әбден шиеленісуін күтіп отырма. Емтиханға алдын ала, аздап-аздап, бөлшектеп дайындалуға кіріс. Егер күш-жігерің мен ойыңды жинау қиынға соқса, алдымен ең жеңілдерін есте сақтауға тырыс, содан кейін күрделі материалды оқуға көш. Ішкі қобалжуды, шаршағандықты басуға, өзіңді бос ұстауға көмектесетін жаттығуларды күн сайын орында.
Көз шаршаса не істеу керек?
Емтиханға дайындалған кезде көзге көп жүк түседі. Егер көз шаршаса, бүкіл организм шаршады деген сөз: оның емтихан тапсырмаларын орындауға күші жетпейді. Көзге демалыс беру керек. Төмендегі жаттығулардың кез келген екеуін орында:
кезек-кезек жоғары-төмен (25 секунд), оңға-солға (15 секунд) қара;
көзіңмен өзіңнің тегіңді, атыңды, әкеңнің атын жаз;
қашықтағы затқа қара (20 секунд), сосын көз алдыңдағы параққа бірінші оңнан солға қарай, сосын солдан оңға қарай шаршының, үшбұрыштың суретін сал.
Күн тәртібі
Күніңді үшке бөл:
емтиханға күніне 8 сағат дайындал;
спортпен шұғылдан, таза ауада демал, дискотекаға барып билеп кел;
кем дегенде 8 сағат ұйықта; егер қажет деп санасаң түскі астан кейін өзіңе үзіліс жасап, аздап ұйықтап ал.
Тамақтану
Күніне 3-4 рет тамақтану қажет; тамақ нәрлі және дәрумендерге бай болсын. Грек жаңғағын, сүт өнімдерін, балық, ет, көкөніс-жеміс, шоколад же. Тағы бір кеңес: емтихан алдында аса тойып тамақ жеме.
Дайындалатын орын
Өзіңнің жұмыс орныңды дайындап ал. Үстелге сары немесе күлгін түстегі заттар немесе сурет қой, өйткені бұл түстер зияткерлік белсенділікті оятады.
Көп материалды қалай есте сақтауға болады
Материалдарды сұрақ бойынша қайтала. Басында есіңе түсір де, бар білгеніңді қысқаша жазып ал. Содан кейін ғана даталардың, негізгі оқиғалардың дұрыстығын тексер. Оқулықты оқып отырғанда басты, өзекті ойларды түртіп отыр – бұл жауаптың негізгі тармақтары болмақ. Кішкентай парақтарға әр сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құрастырып үйрен. Ертең емтиханға барамын деген күні жауаптың қысқаша жоспарлары бар парақтарыңды қарап шық.
Ойды, ойлау қабілетін қалай дамытуға болады.
1. Ақылды болғың келсе – ұғынықты сұрақ қоюға, бар зейінмен тыңдауға, байыппен жауап беруге және айтар ештеңең болмаса үндемеуге үйрен.
2. Оймен жұмыс істемей білім алуға болмайтындай, бірақ білім болмай ой да болмайды.
3. Ойлау қабілетін дамыту дегеніміз - өз ақылыңды біліммен қуаттау. Білім көзі әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар туралы, адамдар туралы ақпарат береді.
4. Ойлау сұрақтан басталады. Барлық жаңа өнертабыстар «Неге?» және «Қалай?» деген сұрақтардың арқасында ашылған. Сұрақ қоюға және оған жауап іздеп үйрен.
5. Дайын стандартты шешімдердің көмегімен қажетті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда ойлау қабілеті «іске кіріседі». Сондықтан ойлауды дамыту үшін затты немесе құбылысты әр қырынан көре білу, әдеттегіден жаңаның ізін байқау қабілетін қалыптастыру маңызды.
6. Заттың немесе құбылыстың әртүрлі қасиеттерін байқау, оларды өзара салыстыра білу қабілеті – ойлаудың қасиеті.
7. Адам объектінің белгілерін, қырларын қаншалықты көп байқаса, оның ойлау қабілеті соншалықты икемді және дамыған болады. Бұл қасиетті зеректікке арналған ойындармен, логикалық тапсырмалар мен басқатырғыштарды шешу арқылы жаттықтыру қажет.
8. Ойлау мен сөйлеу біртұтас. Ойлауды дамытудың басты шарттарының бірі – оқығанды еркін баяндап беру, пікірталасқа қатысу, жазба тілді белсенді пайдалану, өзің де толық түсінбеген нәрсені басқаға айтып беру.
Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары:
1. Есте сақтау қиындығы оның көлеміне кері пропорционалды өседі. Қысқа сөзден гөрі үлкен үзіндіні жаттау анағұрлым пайдалы.
2. Бірдей жұмыс кезінде есте сақталатынның саны қаншалықты көп болса, түсіну деңгейі соншалықты жоғары болмақ.
3. Назар аударып (концентрированно) жаттағаннан бөліп жаттаған жақсы. Қатарынан жаттай бергенше үзілістермен жаттаған, бәрін бірден жаттағаннан аздап жаттаған жақсы.
4. Қайта-қайта жай оқи бергеннен ойша қайталаған анағұрлым тиімді.
5. Егер үлкен және кішкентай екі материалмен жұмыс істесең, үлкеннен бастаған дұрыс.
6. Ұйықтап жатқан адам жаттамайды, бірақ ұмытпайды да.
Жұмысқа қабілеттілікті қалпында ұстау
1. Ой және дене еңбегін кезектестіріп орындау
2. Гимнастикалық жаттығулардан кувырок, свеча, баста тұру сияқты жаттығулар пайдалы, өйткені ми жасушаларына қанның баруы күшейеді.
3. Көзіңді қорға, әрбір 20-30 минут сайын демалыс бер (көзіңді кітаптан алып, қашыққа қара).
4. Теледидар қарауды барынша шекте.

 

Категория: Оқушыларға

 

ҰБТ-ға дайындалуға кеңес

Автор: admin от 15-05-2016, 06:34, посмотрело: 448

8

Қымбатты түлектер!

Тестің алдында мақсатты түрде организмдерінді осы мәселе бойынша дайындап, сабақ пәндеріне аса назар аударып дайындалындар.

·ҰБТға екі күн қалғанда

Таза ауада көп серуенде ( 4 сағаттан кем болмауы керек), егердебассейнға, моншаға, хауызға баратын мүмкіндік болса барып кел.Үйде әрқашанда әндетіп жүр жәнеде ритмикалық әуендерге қосылып ән айтып, биле.

·Бір түн алдында

Тыныштандыратын шөп шайын іш.

·Тапсыратын күні

Таза ауада 1 сағаттай серуендеп, музыка тыңда

·Тапсыруға 20 минут қалғанда

Бір стакан шай немесе шырынды сок іш, болмай қалған жағдайда жай стаканға С дәрумені бар ( аскорбин қышқылы 2,5 гр-нан аспау керек) суын іш.

Аскорбин қышқылы бар суды тест тапсырып отырған кездеде ішіп отыруына болады.Тағыда тест басталар алдында 20-15 минут бұрын но-шпа дәрісінің 1-2 данасын ішкен жақсы.

·Дәл тестің басталуының алдында

Қорқыныш сезімінен шық.Өз-өзінді босатып, жинал.Бастапқы минуттың соңғы секундына дейін өз-өзінді қандай жағдай болмасын қолға ұстуға тырыс. Тыныс алу жаттығуын жаса ( 3-4 рет терең тыныс алып, деміңді шығар)

Іске сәт!

 

Категория: Оқушыларға

 

Оқушылардың құқықтары мен міндеттерінің кодексі

Автор: admin от 15-05-2016, 06:32, посмотрело: 971

5 Оқушылардың құқықтары:

1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеуді талап етуге, дін еркіндігіне, ақпарат алу еркіндігіне, өзіндік ой-пікірлерін білдіруге;

2. Мектепті басқаруға қатысуға, еңбек мамандығын, оқудың дербес бағдарламалары мен курстарын таңдауға;

3. Мектептің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім аясын кеңейтуде белсенділік танытуға, сынып жетекшісіне, мұғалімдерге өзінің қиындықтары туралы хабарлап, олардан көмек, түсінік, жауап алуға;

4. Мектеп жұмысына қатысты пікірлерін ашық білдіруге, мектеп заңдарын, ережелерді, жарғыларды құрастыруға қатысуға;

5. Мектептегі және сыныптан тыс ұйымдастырылатын сабақтарға, үйірмелерге, клубтарға, спорт секцияларына қатысуға;

6. Өз қабілеті мен мүмкіндігін таныту арқылы мектеп атынан сайыстарға, байқауларға, жарыстарға және т.б. шараларға қатысуға;

7. Тұрмыс ахуалы төмен жағдайда оқуға және өмір сүруге қажетті материалдық көмек алуға құқығы бар.

 

Оқушылардың міндеттері:

 

1. Әрбір адамның ар мен намысын құрметтей отырып, өзін кез келген жағдайда лайықты ұстау.

2. Оқуға арналған уақытты толық пайдалануға, өзінің білім аясын кеңейтуге ынтамен жұмыс істеу, сабаққа жүйелі түрде дайындалу, сыныптан және мектептен тыс шараларға қатысу.

3. Әрқашан мектеп ұжымының игілігіне үлес қосу, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

4. Мұғалімдер мен мектептің басқа қызметкерлерін қадір тұту, мектеп намысын, беделін қорғап, оның дәстүрлерін жалғастыру.

5. Мінез-құлық ережелерін сақтау:

- үлкендерді құрметтеу;

- басқа адамның ар-намысын қавдірлеу, құқық бұзушылыққа жол бермеу;

- өзінің және жолдастарының денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігі туралы қам жеу; мектеп оқушыларына темекі тартуға, ішімдік ішуге, нашақорлықпен айналысуға тыйым салынады. Оқушы әрдайым таза және ұқыпты болып жүреді.

6. Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстау.

7. Өндірістік және қоғамдық пайдала еңбекке белсенділікпен қатысу.

8. Үлкенге - құрмет, кішіге ізет таныту, мұғалімдер мен ата-аналардың заңды талаптарын орындау.

 

Категория: Оқушыларға

 

Әдістемелік бірлестіктер

Автор: admin от 15-05-2016, 06:29, посмотрело: 602

8
Пән әдістемелік бірлестіктердің жетекшілері
 

1.Кашкенова Әлия-қазақ тілі мен әдебиеті

2.Сангилова Қанипа-орыс тілі мен әдебиеті ағылшын тілі

3.Абиев Айтуған –математика

4.Абиева Шынарай – физика, информатика

5. Аманбеков Жура-тарих, адам қоғам, құқық және дінтану;

6. Рустемова Жанат –химия, биология, география, өзін-өзі тану

7. Аманжолова Ғалия –бастауыш сынып және МАТД

8.Кенжебекова Райхан –технология, бейнелеу өнері, сызу, музыка.

9.Сүйесинов Жүзжасар –дене шынықтыру және АӘД

2. Сынып жетекшілерінің бірлестік жетекшілері:

1. Бегалиева Ақмарал-1-4 сынып

2.Юсупова Құралай 5-11 сынып

Категория: Мұғалімдер

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 15-05-2016, 06:26, посмотрело: 789

8
Мектеп директоры
Баянова Жанат Айтугановна Баянова Жанат Айтугановна - бірінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. 24 жылдан бері "№29 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді. Ол жастарды оқытып тәрбиелеуде ұжым мақтанышына, шығармашылық еңбегімен ел құрметіне бөленіп жүрген ұлағатты ұстаз. 2010 жылдан бері "№29 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директор болып жұмыс атқаруда. Директордың атағы, ғылыми атағы мен дәрежесі: 2010 жылы "Ұлы жеңістің 65 жылдығы" қарсаңындағы қоғамдық іс-шараларға ат салысқан және мектеп ұжымын игі мақсатқа жұмылдыра білгені үшін "Дипломмен" марапатталған. 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мерекесіне орай, ауданда "Тілдердің үш тұғырлығы" мемлекеттік жобасы бойынша орыс тілі оқытудағы жеткен үздік жетістіктері үшін "Алғыс хатымен" марапатталған. 2011 жылы "Нұр Отан" ХДП "Алғыс хатымен" марапатталған. 2013 жылы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған "Педагогикалық технология -инновациялық процесті толықтыратын жүйе" тақырыбында құнды баяндама жасағаны үшін "Құрмет грамотасымен" марапатталған. 2013 жылы білім саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбегі, жоғары педагогикалық шеберлігі үшін "Құрмет грамотасымен" марапатталған.

Категория: Әкімшілік