Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ардагерлер

Автор: admin от 14-02-2017, 03:29, посмотрело: 49462

5909 Ардагерлер

Категория: ---

 

Информатика пәнінің мұғалімі

Автор: admin от 16-05-2016, 05:49, посмотрело: 36876

622

 
 
 
 
 
 

 

 Информатика пәнінің мұғалімі:
Изғалиева Мендігүл
 

Категория: Сайт авторлары

 

XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті

Автор: admin от 16-05-2016, 05:44, посмотрело: 30785

342 Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық қызығушылығын, белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын құрметтеуге, мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттырып, мәдениетті жалғастырушы жас ұрпақты тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың формасы: Жеке, топтық, ұжымдық.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушыларды түгелдеу.
3. Бар ынтасын сабаққа аудару.
4. Оқушыларды топқа бөлу.

II. Жаңа сабақты меңгеру: 20 минут
1. Ой, толғау.
- Ия, балалар сендер мәдениет жайлы не білесіңдер?
2. Мәтінмен жұмыс.
3. "Кім? Қайда? Қашан?” ойыны.

Шартты: Топтарға сұрақтар қойылады. Топ бірлесе отырып, тез арада жауап беру керек.

1. Қазақстанның Ресей ықпалына біртіндеп өтуі нендей өзгерістер әкеледі?
2. "Азияға жол іздеу” талабын кім құрды?
3. Рычковтың " Қырғыз - қайсақ даласы туралы күнделік жазбалары” қашан шықты?
4. И. Муравин, Д. Главдышев, Я. Гуляевтер қай хандардың ордаларында болды?
5. Үмбетей жырау қай жылдары өмір сүрді?
6. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі не?
7. Н. П. Рычков қайда және қандай қызмет атқарды?
8. Орыс ғалымдарынан Қазақстанды зерттеген кім?
9. Ақтамберді жырау қашан, қайда жерленген?
10. Тәттіқара өз шығармаларында кімдердің ерлігін арқау еткен?
11. "Жоңғария картасын” жасаған кім?
12. Ақтамберді қай өңірде тұрды?
13. Неміс саяхатшысы, натуралист П. С. Палластың "Ресей мемлекетінің әртүрлі аймақтарына саяхат” атты еңбегінде не айтылған?
14. Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі П. С. Рычковты кім қолдады?
15. Қашан, қайда қазақ хандары мен сұлтандарының съезі болды?

4. "Тұлғаны таны” ойыны.
Шарты: Оқушыларға тұлға бейнесі жасырылады. Бұл кімнің бейнесі екенін табу үшін, 6 бөлікті ұяшықта ұпаймен берілген сұрақтар жасырылған. Ұпайдың - 10 ұпайы оқушылар қоржынына түседі, қалған ұпай топқа есептеледі.
10 ұпай:
1. Қазақстанды қай елдің ғалымдары зерттей бастады?
20 ұпай:
2. Қазақ өлкесінің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған "Орынбор өлкесінің топографиясы”, " Орынбор тарихы” (1730 - 1750 ) атты еңбектердің авторы, Әбілхайыр ханның бейітін суреттеп жазған ғалым?
30 ұпай:
3. XIX ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі В. В. Вегеловский Жоңғария картасын алғаш рет қай қоғам жазбаларында жариялады?
40 ұпай:
4. Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар кімдердің жазбаларында кездеседі?
50 ұпай:
5. Қазақ жерін зерттеген шетел саяхатшыларын ата?
60 ұпай:
6. Абылай сұлтанды босатуға қатысқаны туралы, Жоңғарияға сапары қазақ даласы арқылы өтетіндігі туралы мәлімет қалдырған және Сібір - Түмен, Тобыл, Барнаул туралы мағлұматтарды зерттеп, 1750 ж. "Сібір тарихы” еңбегін жазған, Сібір тарихының атасы атанған кім?
Жасырылған тұлға - Бұқар жырау.
Бұқар жырау туралы не білеміз?
( 6 бөлікті ұяшықтың алдында Бұқар жыраудың суреті жасырылған.)
Жауаптары:
1. Қазақстанды орыс және шетел ғалымдары зерттей бастады. ( 10 ұпай )
2. Рычков. (20 ұпай )
10 20
30 40
50 60
3. Орыс география қоғамында (30 ұпай )
4. Капитан В. Урусов, И. М. Лихарев. (40 ұпай)
5. П. С. Паллас, И. Фалок, И. Георги. (50 ұпай)
6. Г. П. Миллер. (60 ұпай)

Категория: Ашық сабақтар

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Автор: admin от 16-05-2016, 05:41, посмотрело: 31982

422

Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.  

Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.

Категория: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Автор: admin от 16-05-2016, 05:41, посмотрело: 38960

389

Елтаңбасы– мемлекеттің басты рәміздерінің бірі. Елтаңба («герб») термині немістің «erbe» (мұра) деген сөзінен шыққан. Мемлекеттің мәдени және  тарихи дәстүрін бейнелейтін символдық мәні бар үйлесімді пішіндер мен заттардың мирастық ерекшелік белгісін білдіреді

Қазіргі Қазақстан аумағын мекендеген қола дәуірінің көшпенділері кейін графикалық ұғымы «таңба» деп аталған ерекше символ-тотем арқылы өздерін танытқанына тарих куәлік етіп отыр. Алғаш рет бұл термин Түрік қағанаты тұсында қолданыла бастаған.

Егеменді Қазақстанның Елтаңбасы 1992 жылы ресми түрде қабылданды. Оның авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Категория: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

 
 

Мектеп ережесі

Автор: admin от 15-05-2016, 06:48, посмотрело: 51950

318

Мектеп оқушыларының ережелері

Мектепте оқу – тәрбие үрдісінде жағымды жағдай жасау, мектеп маңы мен мектеп өмірінде оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау, адами құндылықтарды сыйлауға, қоғамда өздерін таныта білуге дағдыландыратын мектеп оқушыларының тәртібі

1.Жалпы ереже

1.1 Мектепте оқушылар өзара және үлкендер арасында рухани – адамгершілік нормаларын сақтайды. Адал әрі өзінің және өзгенің ар-ождан қағидаларын биік ұстайды.
1.2. Оқушылар:
· Оқушылар мектепте мектеп формасымен жүруге ;
· Үлкендерге құрметпен қарауға;
· Көмек керек кезінде кішілерге, мүгедек-кемтарларға көмек көрсетуге;
· Мектеп мүлкін өз мүлкіндей сақтап, күтуге, басқа да адамдар мен қоғамдық меншіктерді көздің қарашығындай сақтауға;
· Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің айтқанын бұлжытпай орындауға;
· Ынталы оқуға, шығармашылықпен жұмыс істеуге және білімді табандылықпен меңгеруге;
· Сабақтан қалмауға, сабаққа және басқа да іс-шараларға кешікпей, уақтылы келуге;
· Мектеп ережелерімен талаптарын (мектеп әкімшілігінің , мұғалімдердің, сынып жетекшілері мен оқушылар ұйымының) орындауға;
· Мектептің қоғамдық және мәдени өміріне белсене қатысуға;
· Өзінің мәдени деңгейін әрқашан көтеріп отыруға, өз бойында жақсы эстетикалық талғам мен әдептерді қалыптастыруға;
· Жаман әдеттерден: темекі шегу, жаман сөз айту, қыдыру, салақтық т.б. аулақ болуға, оны болдырмауға;
· Жеке бас гигиенасын сақтауға, денесін шынықтыруға, мектепте және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтауға;
· Ұжымда достық қарым-қатынас орнатуға, бірін-бірі құрметтеуге, бір-бірінің абыройы мен намысын қорғауға;
· Табиғатқа (өсімдік, жан-жануар т.б.) нұқсан келтірмей, қамқор болуға


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Мектепті дамыту жоспары

Автор: admin от 15-05-2016, 06:46, посмотрело: 17566

394
«№29 С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

Мектепті дамыту жоспары

Тақырыбы:«Қалай қалыптастырушы бағалау арқылыоқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады?»

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:Абиев Қайрат Хансұлтанұлы

 

2015-2015 оқу жылы

 

Мектепті дамыту жоспары

 

Тақырыбы:«Қалай қалыптастырушы бағалау арқылыоқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етуге болады?»

 

Мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін, мұғалімдердің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды, кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруынаықпал ету.


Категория: Мектеп дәстүрі

 

Біздің мекен-жайымыз

Автор: admin от 15-05-2016, 06:44, посмотрело: 36275

775

Түркістан облысы, Жетісай ауданы,

Жылы су а/о, Сейфуллин ауылы

тел: 8(72534) 5-97-71, 5-97-60, 5-97-65

Категория: Мекен жайымыз

 

Мектеп

Автор: admin от 15-05-2016, 06:41, посмотрело: 23456

157

Категория: Галерея

 
Назад Вперед